
Алматыда дизайны жаңартылған және жайлылық деңгейі арттырылған JAC JS6 кроссоверінің таныстырылымы өтті.

Алматыда JAC Drive | The New JAC JS6 іс-шарасы аясында жаңартылған JAC JS6 автокөлігінің таныстырылымы өтті.
Шара брендтің бүкіл модельдік қатарын қамтыған ауқымды тест-драйвты біріктірді, ал басты оқиға — жаңартылған JAC JS6 моделінің презентациясы болды. Қонақтар Қазақстанда алғашқылардың бірі болып жаңа модельмен танысып, таныстырылымнан кейін JS6-ны трассада жеке сынап көруге және оның динамикалық мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік алды.
Жаңартылған JAC JS6 қуаты 174 а.к. (ат күші) және ең жоғары айналу моменті 280 Н·м болатын 1,5 литрлік бензинді турбоқозғалтқышпен жабдықталған. Кроссовер алдыңғы жетекті, кең салоны бар және жүкбөлігінің көлемі 1 080 литрге дейін жетеді. Модельдің габариттері: 4 605 × 1 890 × 1 700 мм, ал доңғалақ базасы — 2 720 мм.
Автомобиль біріктірілген радиатор торы бар жаңа алдыңғы бамперге, күндізгі жүріс оттарының жаңартылған дизайнына және жаңа үлгідегі артқы бамперге ие болды.
Автокөлік шанағының (кузовының) 70%-ы жоғары беріктігі бар болаттан жасалған. Екінші қатардағы жолаушылар үшін орындықтарды жылыту жүйесі мен USB Type-C қосқыштары қарастырылған.
Модель сымсыз Apple CarPlay/Android Auto қолдауы бар жаңа мультимедиа жүйесімен және смартфонға арналған сымсыз қуаттағышпен жабдықталған. Екі аймақты климат-бақылауды басқару үшін физикалық батырмалар қарастырылған. Автомобиль жаңа 7 сатылы роботталған беріліс қорабын алды.
Автомобиль, жиынтықталымдары (комплектациялары), сатып алу шарттары және қолжетімділігі туралы өзекті ақпаратты бүкіл ел бойынша JAC ресми дилерлік орталықтарынан алуға болады.
JAC Drive форматы қонақтарға жаңа өніммен танысуға және жүргізудің толыққанды тәжірибесін алуға мүмкіндік берді: автокөліктерді әртүрлі трасса түрлерінде сынап, олардың мүмкіндіктерін жеке бағалауға жағдай жасалды.
Басқа жаңалықтар








Сервиске жазылу
Бізбен байланысу

Қолдау қызметі

Тест-драйвқа жазылу


